03.09.2026

HR-құжаттаманы халықаралық талаптарға сәйкестендіру

Компанияның ішкі HR-саясаттары, оның ішінде ішкі еңбек тәртібі қағидалары мен еңбек шарттары негізінен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптары шеңберінде еңбек қатынастарын реттеді. ЕҚДБ-ның жыл сайынғы аудиті барысында бірқатар корпоративтік құжаттардың EBRD Performance Requirement 2 (PR2) негізгі талаптарына сәйкес келмейтіні анықталып, компанияға тиісті нұсқама берілді.

Біздің команда HR-құжаттаманың толық пакетін қайта әзірлеп, халықаралық талаптарды ескере отырып қажетті ішкі реттеуші құжаттарды дайындады. Жаңа талаптарды енгізу ұйымдастырылып, бүкіл жеткізу тізбегінің қатысушыларына құжаттар таратылып, олардың мазмұны бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қосымша оқыту шаралары өткізіліп, әзірленген құжаттардың мердігерлер мен жеткізу тізбегінің басқа қатысушылары тарапынан іс жүзінде енгізілуіне бақылау жүргізілді.

Нәтижесінде компанияның жергілікті нормативтік актілері мен HR-құжаттамасы қолданылатын халықаралық стандарттар мен EBRD PR2 талаптарына толық сәйкестендірілді. Экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарының (ESAP) тиісті блогының орындалуы ЕҚДБ тарапынан расталып, бұл тармақ банкпен ресми түрде жабылды.

Компанияңызда ұқсас жағдай бар ма?

Жоба туралы қысқаша айтыңыз — сарапшы тәуекелдерді бағалап, аудит форматын ұсынады.

WhatsApp