03.09.2026
Қосалқы мердігерлерді бақылау үшін NCR жүйесін енгізу
Бас мердігер тартылған қосалқы мердігер ұйымдардың бұзушылықтарына байланысты тұрақты түрде ескертулер мен айыппұл санкцияларына тап болды. Негізгі мәселелер еңбек жағдайларының сақталмауы, еңбекақының кешіктірілуі және жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) пайдалану талаптарының бұзылуы болды. Бұзушылықтар қосалқы мердігерлер деңгейінде орын алғанымен, EBRD PR2 талаптарын сақтау жауапкершілігі бүкіл жобаға таралып, Бас мердігер үшін тәуекелдер туғызды.
Біздің команда құрылыс мердігерлігі шарттарына Сәйкессіздік туралы хабарламалар (Non-Compliance Report — NCR) жүйесін әзірлеп, енгізді. Әрбір бұзушылық түрі бойынша қосалқы мердігерлерге қаржылық айыппұлдар мен ұсталымдарды қарастыратын заңдық тұрғыдан бекітілген жауапкершілік матрицасы құрылды. Сонымен қатар бұзушылықтарды тіркеу, NCR беру, түзету шараларын бақылау және олардың нақты орындалуын растаудың ашық тәртібі енгізілді.
Нәтижесінде EBRD PR2 талаптарын сақтау бойынша қосалқы мердігерлердің тікелей жауапкершілігін қамтамасыз ететін жеткізу тізбегін бақылаудың (Supply Chain Control) тиімді механизмі құрылды. Бірінші тоқсанның өзінде қосалқы мердігерлер тарапынан бұзушылықтар саны 85%-ға төмендеді. Жүйені енгізу нәтижелері ЕҚДБ аудиторларына ұсынылып, қабылданған шаралардың тиімділігін растау үшін жеткілікті деп танылды.